00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада полицейлер арасында спорттық жарыс өтті

01.04.2023 | 01:05
Елорда ақпарат
65

“Алатау” спорт сарайында полиция тергеушілері арасында спорттық жарыс өтті. Оған мини-футбол, волейбол, шахмат және үстел теннисінен тартысқа түскен алты команда қатысты, – деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шахматтан жеке біріншілікте ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкері Азамат Беласаров жоғары нәтиже көрсетті. Министрліктің тергеу департаментінің қызметкері Нұржан Қойгелдин екінші болды. Елордалық полиция департаментінің қызметкері Айдар Күмісбаев үздік үштікті түйіндеді.

Танымал спорттық ойындардың бірі болып саналатын үстел теннисінен жеке есепте ІІМ Қарағанды академиясының қызметкері Нұржан Атембеков топ жарды. Екінші орынды көліктегі полиция департаментінің қызметкері Рүстем Шаймұханов қанжығаласа, үшінші орын елордалық полиция департаментінің қызметкері Серік Ибраевқа бұйырды.

Волейбол ойындары жанкүйерлерге керемет әсер қалдырды. Турнирдің әрбір қатысушысы өз командасының жеңісі үшін бар күшін ортаға салды. Мұнда орындар келесідей бөлінді: 1-орын – Қарағанды академиясы, 2-орын – ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті, 3-орын – Астана қаласы Полиция департаменті.

Мини футболдан тергеу департаменті мен ведомстволық оқу орнының командалары арасында өткен финалдық кездесу тартысқа толы болды. Ойын барысында екі құрама тең нәтиже көрсеткендіктен төрешілерге пенальти ұйымдастыруға тура келді. Қызықты матчта академия оқытушылары жеңіске жетті. Турнирдің қола жүлдесі көлік полицейлеріне бұйырды.

Жалпы командалық есепте жеңімпаз кубогы Қарағанды академиясына бұйырды. Тұғырдың құрметті екінші орнына өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері көтерілді. Үшінші орынды ведомство тергеушілері иеленді.

Бүгінгі ойын жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыс білдіремін. Мұндай спорттық сайыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамын, – деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
05.09.2023 | 04:00
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
04.09.2023 | 09:00
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
Барлық жаңалықтар