00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Түркияда «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші ашылды

31.03.2023 | 20:37
Елорда ақпарат
68

Түркияның Ыстамбұл қаласында «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші ашылды. Бұл ескерткіш екі ел арасындағы туыстық, достық қарым-қатынастың айрықша белгісін көрсетеді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараны Қазақстанның Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев салтанатты түрде ашып берді. Бағжылар ауданының мэрі Абдулла Оздемир мырза Түркияда тұрып жатқан қазақ ұлтына өз ризашылығын білдіріп, құттықтауын жеткізді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, қазақ ұлтының қилы тарихына тоқталып, түрік халқының бауырластығын тілге тиек етті. «Бірлік» қазақ жастары ұйымының төрағасы Аслан Серік қазақтың қара домбырасымен «Қазақ осы» әнін орындап, жиналған қауымның ықыласына бөленді.

Өз кезегінде «Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы Қазақстан мен Түркияның арақатынасына тоқталып, бірлігі бекем мемлекеттер екенін айтып өтті. Сонымен қатар Бағжылар ауданының әкіміне шапан жауып арнайы сыйлық табыстады.

Ескерткіш авторы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркемсурет Академиясының бірінші-вице президенті, белгілі суретші, режиссер, тележурналист – Жанұзақ Мүсәпір мырза ескерткіштің жасалуы мен тарихын таныстырды.

Ескерткіш ашылу рәсімінен кейін Қазақ көшінің 70–жылдығына орай ұйымдастырылған «ҰЛЫ КӨШ» тақырыбында фотосуреттер мен ҚР Жоғары оқу орындарының білім көрмесімен танысу ұйымдастырылып, жиынға жиналған қауым естелікке суретке түсті.

Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
05.09.2023 | 04:00
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
04.09.2023 | 09:00
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
Барлық жаңалықтар