00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Президент Жолдауы жастарды қолдады – қоғам белсендісі

31.03.2023 | 18:30
Елорда ақпарат
80

Қоғам белсендісі Сағат Сәрсенбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының басты тетігі әлеуметтік-экономикалық бағытқа арналып, жастар саясатын жетілдіруге, жасөспірімдерді нақты материалдық қолдаудың шарттары айқындалғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info

Стратегиялық құжатта жастарға жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несие алуы сияқты міндет-ұсыныстар алдағы уақытта жүзеге асатын болса, қоғамның жастар бөлігі бірқатар жеңілдікке ие болар еді.

Мен қатарлы жастардың басым көпшілігі мемлекеттік немесе бюджеттік мекемелерде жұмыс істеп, таңертеңнен кешке дейін жүруді қалай бермейді. Жеке бизнесін құрып, өз уақытын тиімді пайдаланғанды құп көреді. Бірақ олардың жұмысы өрге басуына кедергі келтіретін жайттар бар. Олар: несие алудың қиындығы, кепілдікке қоятын баспанасы болмауы және т.б. айтуға болады.

Мемлекет басшысы Жолдауда жатақхана мәселесін орынды көтерді.

Ресей билігі мобилизация жариялағаннан кейін мыңдаған ресейліктер елімізге ағылды. Олардың келуімен жалдамалы пәтердің бағасы қымбаттап, студент жастар далада қалды. Шыны керек, олардың көбісі мешіт жағалап, вокзалда түнеді. Бұдан тиісті министрлік хабардар деп ойлаймын. Егер студенттер үйі болса, жастар сапалы білім алуға мән беретін еді ғой! Қазір пәтерді жалдап тұратын жастар түнгі уақытта жалдамалы жұмыс орындарында істейді. Бұл қатардағы студенттер сапалы білімді қалай алады?

Осы орайда Президент жеке меншік жоғары оқу орындарындағы жатақхана мәселесіне мемлекет тарапынан қолдау жасалатындығын да орынды көтерді.

Бүгінде жастардың алдында үлкен міндеттер тұр. Олар өз білімін әрі қарай ел келешегінің дамуына арнап, экономиканың қай саласында болмасын еңбек етуді қалайды.

Жолдауда бізді қуантқаны, 18 жасқа толғанға дейін арнайы шот ашып, оның алдағы уақытта сапалы білім алуына мүмкіндік жасауы туралы ұсыныс. Бұл – көптеген қолдауға мұқтаж отбасылар үшін үлкен жеңілдік.

Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
05.09.2023 | 04:00
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
04.09.2023 | 09:00
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
Барлық жаңалықтар