00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Elorda Aqparat медиахолдингінде Президент Жолдауы талқыланды

31.03.2023 | 16:55
Елорда ақпарат
37

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы жарияланды. Онда Президент көптің көңілін күпті еткен көптеген мәселеге жеке-жеке тоқталып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы және басқа да жұмыстарға жіті назар аудару керектігін қадап айтты, деп жазады Elorda.info.

Дөңгелек үстел модераторы медиахолдинг директоры Олжас Сыдықбек болды. Ол әр спикерге кезек-кезек сөз беріп, жетелеп отырды:

Бас қосып отырған себебіміз, таяуда Парламенттің кезекті сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауына байланысты әртүрлі алаңдарда, қоғамда, еліміздің өңірлерінде, елордада, зиялы қауым арасында маңызды құжат төңірегінде талқылаулар, ой қосулар, пікір алмасулар болып жатыр. Біз де қоғамның бір бөлшегі ретінде сіздерді ой бөлісуге шақырып отырмыз, - деді Олжас Сыдықбек.  

Іс-шараға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, Amanat партиясы елордалық фракциясының жетекшісі Азамат Айтқожин, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, академик Кәрімбек Құрманәлиев, Turkistan халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, Astana aqshamy газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, «Вечерняя Астана» газетінің бас редакторы Лариса Увалиева және Elorda.info желілік басылымының бас редакторы Дулат Төлепов Жолдауда айтылған мәселелер қазіргі таңда өзекті болып отырғанын айтты.

Бұл Жолдау – тарихи Жолдау. 2024 жылы балаларға Ұлттық қордан қаражат бөлінетіні – зор жетістік болды деп ойлаймын. Бала 18 жасына дейін ол қаражатты ала алмайды, бірақ кәмелеттік жасқа толған соң ол пәтер сатып алуға жұмсай ма, оқуының ақысын төлей ме – өзі біледі. Бұған қарапайым халық қуанып жатыр. Сондай-ақ әлеуметтік салаға басымдық берілуі де өте дұрыс болды. Балабақша тәрбиешілерінің жалақысының көбейетіні туралы жаңалықты жұрт өте жақсы қабылдады. Бұл Жолдаудың өзгелерінен ерекшелігі - бұл құжаттың қарапайым адамдарға бағытталуы дер едім. Жоғарыда айтқанымдай, Мемлекет басшысы баланың білім алуына, оның ішінде сыныптан тыс оқуына  мемлекет бөлетін қаражат бірыңғай білім беру есепшоттарында жинақталатынын айтты. Бұл, сөзсіз, балалардың білім алуына инвестиция ретінде жұмсалатын алғашқы мақсатты капитал.

«Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі. Сондықтан мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайызға дейінгі аралықта болады» деді Президент. Міне, осындай көңіл қуантатын тарихи Жолдау болды бұл, - деді Азамат Айтқожин.

Бұдан әрі сөз кезегін алған ғалым Кәрімбек Құрманәлиев Жолдауда айтылған білім-ғылым мәселелеріне назар аударды.

Бұл Жолдаудың жөні бөлек болды. Көп нәрсе әлеуметтік жағдайға келіп тіреледі ғой. Бұл маңызды құжат білім жүйесі басым бағытта екенін көрсетті. 2-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту мәселесі ашық айтылды. Жетістікке жету жолын да көрсетіп берді.

«Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де  біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан, балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Жаңа Қазақстан» құрамыз десек, балаларға көңіл бөлген жөн. Балаларға төленетін әлеуметтік көмек, жөргекпұлға төленетін қаражаттың ұзартылуына ата-аналар қуанып жатыр. Үлкен қолдау болды. Мектеп салу мәселесі қашаннан бері айтылып келе жатыр. Үш ауысымдық мектептерден құтылып, жаңа мектептер салу туралы тапсырмасы өте дұрыс болды, - деген спикер Жолдауда айтылған білім-ғылым саласына қатысты жаңалықтарға жеке-жеке тоқталып, маңызды құжаттан зор үміт күтетінін жеткізді.  

Ал Бауыржан Бабажанұлы салық, көші-қон мәселелерін сөз етті.

Салық түсімін өңірлерге қалдыра бастадық деген мәселені айтты мемлекет басшысы. Бұл - өте жақсы нәрсе. Әйтпесе кейбір облыстар тек дотацияда ғана отыр. Бірақ кейбір донор өңірлердің жағдайы нашар. Екінші мәселе - су проблемасына назар аудару. Болашақта бұл үлкен проблема болуы мүмкін. Су тапшылығы, әсіресе, Қазақтанда қазір де сезіліп жатыр. Осыған орай Президенттің үш жылдық жоспар жасау керек дегені өте дұрыс болды деп ойлаймын.  

Президент сондай-ақ ішкі көші-қон басқаша сипатта болады дегенді айтты. Өте маңызды мәселе. «Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды» дегені де көңілге қонымды, - деді ол.

Astana aqshamy газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр маңызды құжатта сөз болған сот жүйесін реформалауға қатысты ойын білдірді.

Президент «Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек» деді. Жөн айтылған сөз.

Қазір сот төрағасы деген лауазым бар. Бұл - дұрыс емес. Соттың бәрі бірдей. Сот төрағасы жоғарыдан сайланбауы керек, өзара келісіп, сайлайтындай етіп келтіріп жатыр. Төраға деген сот процестерін үйлестіріп отыруға ғана. Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн деді. Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек. Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет дегенді айтты. Мұның бәрі бастамасы ғана, - деген журналист Тоқаевтың салық реформасына қатысты айтқан тапсырмасын да қолдайтынын жеткізді.

Лариса Увалиева мұндай стратегиялық құжат елдің дамуын айқындайтынын айтты.

Президент халықтың тамырын дәл басып отырады. Бұл Жолдаудан түсінгеніміз, халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейді. Ұлттық қор туралы, ондағы қаражат туралы айтқанда көпшілік қол жетпейтіндей көретін. Енді, міне, балалардың болашағына қаржы құятын болды. Өте жақсы бастама болды бұл! Үлкен көмек. Енді Ұлттық қор жақсы жұмыс істеп, жақсы табыс табуы керек. Әрине, Жолдауда зорлық-зомбылыққа қарсы проблема, әйелдердің зейнетке шығу жасы және басқа да елдің көңілінен шығатын көптеген маңызды дүниелер айтылды, - деді «Вечерняя Астана» газетінің бас редакторы.  

Спикерлер алдағы уақытта да маңызды мәселелер бойынша кездесіп, ой-пікір бөлісіп тұруға келісті.   

Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
05.09.2023 | 04:00
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
04.09.2023 | 09:00
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Барлық жаңалықтар