00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Президент Жолдауы талқыланды

31.03.2023 | 16:42
Сабина Кәкімжан
48

Amanat партиясының елордалық филиалында Президент Жолдауы талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатындағы Amanat партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Азамат Айтхожин қатысып, сөз сөйледі.

Жолдауда жастарды жұмыспен қамту мәселесі жайында айтылды. Мәселен, кеше оқуды бітірген жастар арасында жұмысқа орналасуда тәжірибе жоқтығынан мәселелер туындайды. Осы бағытта жұмыстар атқарылады. Егер механизмдерді дұрыстап жасасақ, бұл мәселе де шешімін табады деп ойлаймын. Жалпы, кешегі Жолдаудың халық үшін жағымды тұстары бар. Ал бүгіннен бастап Жолдауды халық арасында түсіндіру жұмыстары атқарыла бастайды, - деді Азамат Айтхожин.

Сондай-ақ жиында мәслихат депутаттары мен жастар өз пікірлерін білдірді.

Кешегі Жолдау бұған дейін жарияланған саяси реформалардың жалғасы деп білемін. Екіншіден, Президенттің сөзі мен ісі  бір жерден шығып отырғанының дәлелі – кешегі Жолдау. Жолдауда айтылған мәселенің бірі  – балабақша тәрбиешілерінің жалақысы. Өйткені олардың жалақысы мардымсыз. Мәселесі кенжелеп қалды. Міне, осы сұрақтарға Президент нақты жауап берді. Сондай-ақ балабақша тәрбиешілерінің әлеуметтік жағдайын көтеру, жалақысын өсіру сынды және т.б. мәселелерге басты назар аударылды, - деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ляззат Разбекова.

Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
27.10.2023 | 06:00
Тарихи қолжазбаларды сандық форматқа көшірудің болашақ үшін маңызы зор
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
13.10.2023 | 05:00
Сәкен Есіркеп: Президенттің интернет контентке қатысты ойы заман талабынан туындап отыр
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
05.09.2023 | 04:00
Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
04.10.2023 | 06:00
Бауыржан Серікқалиұлы: Басты міндетіміз – тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
11.10.2023 | 06:30
Қайыржан Әбдірахманов: IT саласы мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
02.09.2023 | 09:00
Әлихан Смайылов:Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойылды
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
09.10.2023 | 16:00
«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
23.10.2023 | 05:30
Асқар Тақсымов: iKOMEK-ке түскен қоңырауға 38 секундта жауап беріледі
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
02.09.2023 | 10:00
Жолдауда білім мен ғылым мәселелеріне басымдық берілді- Кәрімбек Құрманәлиев
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
04.09.2023 | 09:00
Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарына арналды – Бауыржан Смайылов
Барлық жаңалықтар