00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жыл басынан бері елордада камералардың көмегімен 400-ден астам қылмыс ашылды

05.03.2024 | 04:40
63
Фото: дереккөзден

Бейнебақылау камераларының бір бөлігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламалары аясында қойылып, жұмыс істеп тұр. 

Жыл басынан жедел басқару орталығының және басқа да қызметтердің мамандары бейнекамералардың көмегімен 423 қылмысты анықтады. Сондай-ақ камералар 4 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеген. Осы жылдың қаңтарында жедел басқару орталығы операторларының қатысуымен бұзақыны кідіріссіз ұстау мүмкін болды. Түнде барлардың бірінде 33 жастағы ер адам бұзақылық ниетпен келушінің жамбас тұсын пышақтап, жарақаттап кеткен. 

Қылмыс жасаған соң ер адам оқиға орнынан ізін суытқан. Камералар арқылы полицейлер бұзақының жүріп өткен жолы мен қай жерде екенін қадағалап, кейін ол ұсталып, полицияның уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.

Барлық жаңалықтар