00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Конституция күнімен құттықтады

30.08.2023 | 06:00
34
фото: informburo.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында елордалықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заңымыз – бейбітшілік пен қауіпсіздіктің кепілі, тұрақтылықтың негізі. Конституция елімізді құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде орнықтырды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Конституцияда жарияланған демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі еліміздің дамуының стратегиялық бағытын нақты айқындайды.

Конституция күні құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және табыс тілеймін!,-деп жазды әкім. 

Барлық жаңалықтар