00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Тұран даңғылындағы қозғалыс уақытша жабылады

27.07.2023 | 07:30
38

Астанадағы Республикалық бас мешіт маңайындағы тұрғын үйлерді орталық жылытумен қамтамасыз ету мақсатында магистральдық жылу трассасын салу жобасы аясында жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, құрылыс-монтаждау жұмысына байланысты 2-20 тамыз аралығында Тұран даңғылының негізгі қозғалыс белдеулері бойынша Хусейн бен Талал көшесінен әуежайға қарай екі жаққа қозғалыс жабылады.

Көлік қозғалысы екінші реттік съездер бойынша жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, 26 шілдеден 26 тамызға дейін Мәңгілік ел даңғылынан Хусейн бен Талал көшесі бойындағы екінші реттік жол бойымен 6 жылу магистралін салу бойынша жұмыс жүргізу үшін қозғалыс толығымен жабылады, - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Барлық жаңалықтар