00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Су айдындарында шомылу маусымы аяқталды

31.08.2023 | 12:30
74

Қазақстанда 1 қыркүйекте суға түсу маусымы ресми түрде аяқталады, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы Байқоңыр ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы суға шомылу маусымы басталғалы өрт сөндіру бөлімшелерімен, полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, күнделікті ауқымды жұмыстар жүргізіліп, шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. 

Шара барысында Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппаратымен бірлесе отырып, тыйым салынған жерлерге 75 тыйым салу белгілері мен 4 ақпараттық стенд орнатылды.

Суға түсу маусымы басталғаннан бері үгіт-насихат жадынамаларын таратумен қоса, 1 750 рейдтік іс-шаралар өткізілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен 55 адам, ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабымен 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта да маусымның аяқталуына орай, рейдтік іс-шаралар барысында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үгіт-насихаттау парақшалары, жаднамалар таратылуда.

Барлық жаңалықтар