00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордадағы Шахматшылар саябағына ФИДЕ президенті ағаш отырғызды

30.04.2023 | 14:30
56

Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович елордадағы Шахматшылар саябағына ағаш отырғызды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

«Кезінде дәл осы саябаққа Астананың бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Анатолий Карпов ағаш отырғызған еді. Бұл дәстүрдің ерекше мән-мағынасы бар. Осынау кезеңде ФИДЕ-ның әлем чемпионатын өткізуге қолдауымен Астана әлемдік шахмат астанасына айналды. Бүгін міне ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович осы саябаққа ағаш отырғызады», - деді рәсім барысында Азия шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдақасов. 

Осы орайда Аркадий Дворкович игі дәстүрді жалғастыратындығына қуанышты екенін жеткізді. 

«Бүгін қорытынды күн. Дин Лижень мен Ян Непомнящий арасында тай-брейк матчы өтеді. Ол әлемнің 17-чемпионын анықтайтын болады. Олардың бірі де осы жерге келіп, тамаша дәстүрді жалғастырады деп үміттенемін», - деді ол. 

Ағаш отырғызу рәсіміне қатысқан Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев та бұл дәстүрдің маңыздылығын атап өтті. 

«Әлемдік шахмат федерациясына Астанада осынау чемпионатты өткізуге қолдау білдіргені үшін ризашылығымды айтамын. Турнир өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. Шахмат фестивалі де ұйымдастырылды. Бүгінде Астанада шамамен 10 мың бала шахматпен айналысады және елімізде ең қомақты бюджет те шахматты дамытуға бөлінеді», - деді басқарма басшысы.

Барлық жаңалықтар