00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жоғалып кеткен астаналық таксист аман табылды

19.12.2023 | 10:30
51
Фото: дереккөзден

Полиция қызметкерлері елорданың хабар-ошарсыз кеткен тұрғынын Алматы облысының аумағынан тапты, деп хабарлады Elorda.info қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Естеріңізге саламыз, жолаушы тасымалдаумен айналысатын 18 жастағы жігіт жалға алынған «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлікпен үйінен шығып кетіп, оралмаған болатын.  

Жас жігітті іздеуге Астана қаласы ПД жеке құрамы жұмылдырылды. Олар адамдар көп шоғырланатын орындарды, жатақханалар мен қонақ үйлерді, оның араласатын ортасын тексерді. Сонымен қатар бейнебақылау камералары қаралды, - деп жазды Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тексеру барысында жас жігіт Астанадан Қарағанды қаласына шығып, кейін Алматы облысына келгені анықталды.

Астана қаласы ПД криминалдық полицияның мәліметінше,  жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында таксист жігіт Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі кентіндегі компьютерлік клубтың бірінен табылған. 

Барлық жаңалықтар