00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінім беру уақыты ұзартылды

19.06.2023 | 12:30
60

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 10 жылдығына орай конкурстың қалалық кезеңіне қатысу үшін өтінім беру 1 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институты, адамгершілікті, руханиятты нығайту, отбасылық өмірдің маңызын насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса (pdf форматында) mereyli.otbasy2023@mail.ru элекронды поштаға жіберу қажет.

Конкурсқа қатысу бойынша толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 8 7172 55 67 08, 8 7172 55 67 01.

Барлық жаңалықтар