00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Мәулен Әшімбаев астаналық ерекше балаларды құттықтады

19.03.2024 | 10:03
55
Фото: дереккөз

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде аталған орталықтың бірнеше жылдан бері ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамыту және инклюзивті қоғам қалыптастыру жолында белсенді жұмыс істеп келе жатқанына назар аударды.

Қазіргі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, оларды әлеуметтік қорғау бағытында кешенді жұмыс жүргізіліп келеді. Кедергісіз, инклюзивті орта қалыптастыру – мемлекетіміздің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Сенат мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және тұрмыс сапасын жақсарту саласында тиісті шаралар қабылдауда, – деді М.Әшімбаев.

Кездесу барысында сенаторлар есту, сөйлеу, көру, аутизм спектрі және басқа да ауытқулары бар балаларды оқытудың арнайы жобаларымен және мамандандырылған әдістемесімен танысты. 

Орталық басшылығының айтуынша, қазіргі таңда бұл жерде 200 бала және психоневрологиялық патологиясы бар 42 ересек адам есепте тұр. Мекеменің негізгі міндеттерінің бірі – белсенді өмірлік позиция мен балалардың өзіне-өзі көмектесу дағдыларын қалыптастыру және олардың жан-жақты дамуына ықпал ету. Осыған байланысты есту қабілеті бұзылған 20-ға жуық адам, одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың өздері орталықта аспаз, тәрбиешінің көмекшісі болып еңбек етеді. Бұл әлеуметтік бейімделу мен даму үшін қолайлы атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді. 

Орталықтың ұжымын және тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтаған Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен биыл аталған мереке Наурызнама-2024 тұжырымдамасы аясында жаңа форматта аталып өтіп жатқанын айтты. Мұндай қадам ұлттық бірегейлікті нығайтуды көздейді. Көрісу күнінен басталған Наурызнаманың әр күнінің атауы мен мән-мағынасы бар. 

Барлық жаңалықтар