00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ұлттық қорғаныс университетінде ғарышкер Айдын Айымбетовке құрмет көрсетілді

11.04.2024 | 20:02
45
Ұлттық қорғаныс университетінде ғарышкер Айдын Айымбетовке құрмет көрсетілді
Фото: дереккөз

Астанада әскери жоғары оқу орнының оқытушылары мен магистранттары белгілі ғарышкер, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Айдын Айымбетовпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. 

Кездесу Ғарышкерлер күніне орайластырылып өткізілді. Адамзат игілігі үшін ғарыш кеңістігін зерттеуге жол ашқан тарихи оқиға 1961 жылы 12 сәуірде жүзеге асып, ғарышқа алғаш болып Юрий Гагарин көтерілді. Бүгінде бұл күнді елімізде ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтеді. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор Асқар Мұстабеков құттықтау сөз сөйлеп, зерттеуші ғарышкерлердің ғылымды дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Ғарышқа ұшу кезінде Айдын Айымбетовтің «ураган» және «релаксация» атты физика-ғарыштық эксперименттерді жүзеге асырғаны белгілі. Онда радиацияның ғарыштағы адамға әсері де зерттелді. Сонымен қатар ол Арал, Каспий теңіздерінің экологиясының жай-күйіне ғарыштық мониторинг жүргізді.

Кездесу барысында Айдын Айымбетов ғарышқа ұшу кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, алдағы жоспарларын айтып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Барлық жаңалықтар