00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«JOLTAP» жобасы: Астанада «Freelance Mumkindik» бағдарламасы бойынша оқыту басталды

02.10.2023 | 12:30
44
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана әкімдігінің қолдауымен 2 қазанда «JOLTAP» жобасы аясында «Freelance Mumkindik» атты қысқа мерзімді оқыту бағдарламасының бірінші легін оқыту басталды, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада 29 тамызда «JOLTAP» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» он модульдік пунктінің ашылуы өтті. Мұнда елорда тұрғындары жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру, мемлекеттік қолдау шаралары және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес ала алады. «JOLTAP» жобасы аясында оқыту толығымен тегін. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі. Түлектердің кандидатуралары «JUMYS TAP» Telegram-ботында тегін ілгерілейтін болады.

Оқушылардың алғашқы топтары құрылды, бірінші ағымда жеті цифрлық дағды бойынша 177 оқушы оқуға кірісті: таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер, веб-дизайнер (сайттарды әзірлеу).

«Цифрлық дағдыларды меңгеру жастар үшін табысты карьераның ажырамас бөлігіне айналып жатыр. Көптеген бағыттардың ішінде біз жаңа мүмкіндіктер әлеміне жол ашатын және еңбек нарығында артықшылық беретін жеті цифрлық дағдыны атап өттік», - деп «JOLTAP» жобасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қысқа мерзімді оқытуға жазылу «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде өтеді. Оқушылар арасындағы ең үлкен санат – 60%-дан астамы, бұл елорданың 35 жасқа дейінгі жұмыссыз тұрғындары.

«JOLTAP» жобасының мақсаты – тұрғындардың өз табысын арттыру мүмкіндіктеріне қол жеткізуге көмектесу. Жобаның барлық құралдары толығымен тегін.

 

«Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінің мекенжайлары:

Жастар сарайы, Республика даңғ., 34

«Тұлпар» СО, Ш. Уәлиханов к-сі, 24

«Euromall» СҮ, Ш. Қосшығұлұлы к-сі, 24

«Ailand» ОДО, Қорғалжын тасжолы, 2

«Встреча» СҮ, Абылай хан даңғ., 31

«Mechta» СҮ, Сығанак к-сі, 3

«Азия Парк» СОО, Қабанбай батыр даңғ.,21

«Magnum» супермаркеті, Еділ к-сі, 26.

 

Жұмыс уақыты: күнделікті сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

«Саянұр» базары, Н. Тілендиев даңғ., 24/5

«Big Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 32а

Жұмыс уақыты: күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Барлық жаңалықтар