00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елорданың теміржол тұйықтарында көмір қоры жеткілікті

01.11.2023 | 09:30
88
Фото: дереккөз

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мониторингтік тобы елорда тұрғындары үшін көмір түсірілетін кірме жолдарға барды. Тұрғындарға қатты отынды өткізу орындарындағы жағдай тұрақты. Қала тұрғындары суық ауа райын күтпестен көмірді алдын ала сатып ала бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Кірме жол қоймасының меңгерушісі Ерлан Қашкеновтың айтуынша, көмір қоры жеткілікті, тапшылық пен қатты дүрбелең жоқ, вагондарды беру және әкету уақтылы жүргізіледі. Күніне 130-ға дейін көмір тиелген автомобиль шығарылады. Тұйықта халық арасында сұранысқа ие шұбаркөлдік және майкүбілік сияқты көмір сорттары болды. Шұбаркөл көмірінің құны – тоннасына 15 300 теңге, Майкүбі – тоннасына 13 800 теңге. Қатты отын күнделікті жеткізіледі.

Жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері – осы жылдың 1 мамырынан 31 қазанына дейін Астана тұрғындарына 320 мың тонна көмір жеткізілді, бұл жоспардан 31% жоғары. Қатты отынмен 4,6 мыңнан астам вагон келіп түсті.

ҚТЖ еліміздің барлық өңірлерінде көмір қорларымен қамтамасыз етуге мониторинг жүргізеді. Барлық деректер бірыңғай интерактивті базаға түседі, онда кірме жолдардың техникалық сипаттамалары, түсіру қуаттары, ЖЭО қоймаларында көмірдің болуы, жұмыс режимі және көмір кесінділерін тиеу жоспарлары бойынша ақпарат жиналады және ретке келтіріледі.

Барлық көмір позицияларын тиеу жоспарларын орындау үздіксіз күшейтілген режимде жүргізіледі. Берілген өтінімдерге сәйкес жүк жөнелтушілерді жылжымалы құраммен уақтылы қамтамасыз ету бойынша барлық мүмкін шаралар қабылдануда. Көмір тасымалдауға КТТ паркінің 19,7 мыңға жуық жартылай вагондары тартылды.

Биылғы 1 мамырдан 31 қазанға дейінгі кезеңде республика бойынша теміржол көлігімен 35 млн тонна тас көмір тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 237 мың тоннаға артық. ЖЭО қоймаларына 30,5 млн тонна көмір жеткізілді, өсім 876 мың тонна. Тұрғындар үшін 4,5 млн тонна қатты отын тасымалданды.

Жүк жөнелтушілермен барлық мәселелер жұмыс тәртібімен жедел шешілуде, - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Барлық жаңалықтар