00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық жастар тұрғын үй және жұмысқа орналасу бойынша тегін кеңес алады

18.08.2023 | 06:00
36
Фото: дереккөз

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров жастарға қызмет көрсететін орталықтардың жұмысы туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жастарға қызмет көрсету орталықтары 2021 жылдан бастап жұмыс істейді және ақпараттық-консультациялық көмек береді. Мұнда келушілер жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат ала алады.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының іс-шараларының негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру жоспары шеңберінде өткізіледі, - деп атап өтті Қ.Қамбаров.

Қазіргі таңда жастарға қызмет көрсету орталықтары қаланың 4 ауданында бар. Мамандар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, жұмысқа орналастыру, жастардың бастамаларын қолдау, волонтерлік қызмет, сондай-ақ бос уақытты тиімді әрі тегін өткізу мәселелері бойынша кеңес береді. Тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсетеді.

Былтыр орталықтарға 10 мыңға жуық жас адам жүгінген. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының айтуынша, елордалық жастарды тұрғын үй алу, сондай-ақ жұмысқа орналастыру мәселелері қызықтырады. Өтініштердің 90% осыған байланысты.

Жастарға қызмет көрсету орталықтарынан бөлек, «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме түлектерін интернаттан кейінгі сүйемелдеу және бейімдеу» жобасы аясында орталық жұмыс істейді. 

Орталықтың тәжірибелі заңгерлері құқықтық мәселелердің кең ауқымы бойынша кеңес береді: тұрғын үй және еңбек заңнамасы, мүліктік даулар, күрделі құқықтық мәселелерді шешуге, заңды құқықтар мен мүдделерді қорғауға көмектеседі.

Сонымен қатар, орталықтың психологтары жеке және топтық түрде психологиялық кеңестер береді, тігін, шаштараз, маникюр қызметтеріне үйрететін шеберлік сабақтары, ағылшын тілі, мектеп бағдарламалары, жол қозғалысы ережелері бойынша оқытулар, гитара, домбырада ойнауға үйрету т.б. өткізіледі.

Барлық жаңалықтар