00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық оқушыларға мектеп құралдары табысталды

25.08.2023 | 04:30
47
Фото: дереккөз

Астана қаласы Байқоңыр ауданында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында бірқатар мектеп оқушыларына қажетті жабдықтарға толы сөмкелер табысталды, деп хабарлады Elorda.info

Демеушілер есебінен іске асқан шарада  «Өндіріс», «Кирпичный» тұрғын алаптарындағы №23, №34, №49 мектеп оқушылары қамтылды.  

Шараға Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайберген, Астана қаласы мәслихатының депутаты Нұрлан Көпешов және тұрғын алаптардың белсенділері қатысты.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін акция аясында аудан бойынша 600 оқушыға мектеп сөмкелері таратылды, барлығы 1000-ға жуық балаға оқу-құралдар табыстау жоспарлануда. «Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бүгінде аталған акция аясында аудандағы бірқатар сауда нысандарында қайырымдылық жәшіктері орналастырылған. Аталған қайырымдылық қоржындарына қаламыздың әр тұрғыны өз тарапынан мұқтаж отбасылардағы оқушыларға қолдау көрсетіп, мектеп сөмкесін немесе кеңсе тауарларын жолдап, жаңа оқу жылында тағы бір оқушыны қажеттіліктермен қамтамасыз етуге мүмкіндік сыйлай алады.

Барлық жаңалықтар