00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық мыңнан астам жігіт әскер қатарына шақырылады

06.10.2023 | 06:30
64
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде 2023 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру туралы брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Брифингте Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков пен Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілі Ғани Артықов болды. 

Қыркүйекте Президенттің 2023 жылғы 2 ақпандағы №120 Жарлығына сәйкес азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. 

28 желтоқсанға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы он тоғыз мыңнан астам ер азамат толықтырады. Ал солардың ішінде 1 000 адамнан астамы Астана қаласынан шақырылады.

Өткен жылғы әскерге шақырумен салыстырғанда биыл Қарулы Күштерге және Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылатын жас буынның саны ұлғайтылды. Мерзімді қызметке әскерге шақыру және оның белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару қолданыстағы заңға сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілетін болады, - дейді А.Сағынбеков.

Әскерге шақырылуға тиісті ер азаматтарды хабардар ету дербес шақырту қағазын жолдау арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізіледі. 

Азаматтарды мерзімді қызметке әскерге шақыруды жүргізу кезінде жұмысты барынша ашық форматта жүргізуді жалғастырамыз. Яғни, әрбір адам қажетті ақпаратты алу үшін жүгіне алады және сұрақтарына толық жауап беріледі. Әскери қызмет әрбір жас азаматтың заңмен белгіленген міндеті, ал әскери қызмет өткеруден жалтару барлық құқықтық салдарға әкеп соқтыратын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтінін еске салғым келеді. Сонымен бірге, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселелерін белгілі бір төлем арқылы шешу жолымен көмек көрсетуге уәде беретін адамдардың әрекетінен азаматтарды сақтандырғым келеді, өйткені бұл қызметтер жергілікті атқарушы органдармен өтеусіз негізде көрсетіледі, - дейді Ғ.Артықов.

Барлық жаңалықтар