00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордадан бір түнде 30 мың текше метрден астам қар шығарылды

25.02.2024 | 09:55
70
Фото: Астана қаласы әкімдігі

25 ақпан күні таңертең қар күреу жұмысына 2,4 мыңға жуық жұмысшы, 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Коммуналдық қызмет мамандарының көмегімен 24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні 2300-ге жуық рейс, яғни 30,1 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Ал қыс мезгілінің басынан бері 383,4 мың рейс арқылы 5 млн 168 мың текше метр қар шығарылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруы қауіпсіздігі үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.

Барлық жаңалықтар