00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада «Үздік» жобасы аясында конкурстар өтті

01.12.2023 | 12:21
34
Фото: дереккөз

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Үздік» жобасы аясында елорданың гүл және автомобиль сервисі өкілдері арасында «Үздік флорист-2023» және «Үздік автомеханик-2023» байқауларын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Байқаулардың мақсаты – мамандықты танымал ету, кәсіби дағдыларды жетілдіру, флористика және автомобиль сервисі саласындағы болашақ немесе жұмыс істейтін мамандардың кәсіби шеберлігіне аудиторияның назарын аудару.

Байқауды өткізу барысында келесі жеңімпаздар анықталды:

Үздік флорист-2023 – Ержан Балтабай. 

Номинациялар бойынша:

- Креативті композиция – Олег Михайлов; 

- Шебер флорист – Эльдар Құсайынов; 

- Үздік безендіру – Жазира Аманжол. 

WhatsApp Image 2023-12-01 at 17.52.05.jpeg

Үздік автомеханик-2023 Ахроридин Набиев. 

Номинациялар бойынша:

- Мисс автомеханик – Виктория Белорус;  

- Үздік тәжірибеші – Тимур Мамедов; 

- Үздік авто-диагностик – Владислав Зубарь. 

Айта кетейік, қазылар алқасы ретінде аталған салалардың мамандары қатысты. 

Барлық жаңалықтар