00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордадағы Әскери-тарихи музейде қандай сирек кездесетін экспонаттар сақталған

05.05.2023 | 21:30
56
Фото: m.ticketon.kz

Отан Қорғаушылар күні қарсаңында Elorda.info тілшісі 20 мыңнан астам экспонат сақталған ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейде болды. Экскурсовод Әлия Сәрсенова бізге ең қызықты сирек кездесетін экспонаттар туралы айтып берді.  

муз.jpg

«ҚР Қарулы Күштері» залында 843 архивтік құжат пен экспонаттар, диорама, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерін құру мен қалыптастырудың бастауында тұрған белгілі әскери қайраткерлердің жеке заттары ұсынылған. Олардың арасында армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың жеке заттарының кешені ерекше орын алады.

Армия генералы, Халық қаһарманы, әскери ұшқыш, бұрынғы Қорғаныс министрі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың есімі алтын әріптермен ҚР Қарулы Күштерінің тарихына жазылған. Ол Қазақстан армиясының қалыптасуына, құрылысына және дамуына зор үлес қосты. Әскери ұшқыш ретіндегі мансабында Мұхтар Алтынбаев ұшақтың барлық түрін игерді, аспанда 3500 сағаттан астам уақыт өткізген және көкке 7500-ге жуық көтерілген.

муз1.jpg

Экспозицияны безендіру сағатына 3000 шақырым жылдамдыққа жеткен МиГ-25 истребитель-ұстағыш кабинасы болып саналады. Оны Балқаш ұшу құрамын даярлау жөніндегі 609 оқу авиациялық орталығының қолбасшылығы мен жеке құрамы сыйға тартты. Сондай-ақ катапульт креслосы, ұшқыштың костюмі мен дулығасы да келушілердің назарын аударады. Бұл әскери ұшақта ол 13 жыл ұшқан, - деп түсіндірді экскурсовод.

Көрмеге келушілер қазақстандық үш ғарышкердің жұлдызды артефактілерін де тамашалай алады.

муз2.jpg

Қазақстанда тұңғыш рет ғарышқа 1991 жылы тұңғыш қазақ-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, КСРО еңбек сіңірген сынақ ұшқышы, ҚР Қарулы күштері авиациясының генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров ұшқаны белгілі.

Ал Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, ҚР авиация генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев үш ғарыштық экспедицияға қатысты. Ол жеті ғарыштық серуенге шыққан алғашқы қазақ болды.

Қазақтың үшінші ғарышкері авиация генерал-майоры, Халық Қаһарманы А.А. Айымбетов болды, ол Қазақстанның Бесінші ғарыштық зерттеу бағдарламасын жүзеге асырды.

Бұл жерден ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің туын, сондай-ақ Жерді 156 рет айналып ұшқан ғарышкер А. А. Айымбетовтың комбинезонын тамашалай аласыздар, - деп атап өтті сұхбаттасушы.

муз3.jpg

Армия генералы, еліміздің бірінші Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың жеке заттарының кешені тарихи құндылықтар аясында ерекше көзге түседі.

Қорғаныс министрі лауазымында ол өзін мемлекет қайраткері, әскери басшы және дипломат ретінде көрсетті. Оның шәкірттерінің арасында бүгінде Қазақстанда және ТМД елдерінде қызмет ететін талантты офицерлер мен генералдар көп.

Құнды жәдігерлердің арасында полковник Т. Нұровтың Түркістанның 1500 жылдығына орай сыйға тартқан қынаптағы қылыш, сондай-ақ еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайтуға зор үлес қосқан Сағадат Нұрмағамбетовтың қалпағы, қолғаптары мен шарфы бар, - деді Әлия Сәрсенова.

Мереке қарсаңында осы және өзге де сирек кездесетін экспонаттар мемлекетіміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтайтын адамдардың ерліктерін еске түсірді.

Дана ӘМЕНОВА

Барлық жаңалықтар