00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада «Тоқта, интернет алаяқтық» атты іс-шара өтті

18.08.2023 | 04:07
61
Фото: Сұлтан Сейітов

Аталған іс-шара Астана қаласы, Нұра ауданы әкімдігі және полицияның бірлескен бастамасымен жүзеге асырылды, деп хабарлады Elorda.info.

 Іс-шараға жастар мен еріктілер де атсалысты. Қаладағы халық көп шоғырланатын саябақтағы жол бойына трафареттер арқылы интернет алаяқтықтан сақтандыратын сөздер жазылды.  

су.jpg

Бұл  акция Ішкі істер министрлігі бекіткен «Hi-Tech» шұғыл алдын алу іс-шарасы негізінде іске асырылуда. Көбіне егде және орта жастағы жандар, оның ішінде әйелдер киберқылмыстың құрбаны болады. Олар Instagram, facebook, telegram сияқты әлеуметтік желілерде, «ОLХ»,«Крыша», «Колеса» сияқты сауда-саттық сайттарында интернет алаяқтықтың құрығына түсіп қалып жатады. Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін осы акцияны өткізіп отырмыз. Адамдар көп жүретін жерлерге трафареттер арқылы ескертулер жазып, тұрғындарға алаяқтарға алданып қалмаудың жолдарын түсіндіреміз, - деді Нұра ауданы полиция басқармасының басшысы орынбасары Жәнібек Сүлейменов.   

сурет 2.jpg

Ол өзі бастап осы түрлі түсті бояумен «Сіздің атыңызға кредит рәсімделіп жатыр деп жазса – бұл алаяқтар!» деп жаза бастады. Трафареттерде бұдан басқа «Брокерлермен сөйлескенде мұқият болыңыз! Оңай келетін ақша жоқ!», «Тауардың бар екеніне көз жеткізбей, алдын ала төлем жасамаңыз!» т.б. деген ескертулер болды. 

наиль.jpg

Біз Ішкі істер министрлігіндегі әріптестерімізбен бірге интернет алаяқтықтың алдын алуға арналған іс-шараны ұйымдастыруға атсалысып отырғанымызға қуаныштымыз. Өйткені біз, мемлекеттік орган, мемлекеттік қызметкер ретінде қазіргі адамдардың тез ақша табу, инвестицияны көбейту, сауда-саттыққа байланысты әртүрлі ақпараттар мен жарнамаларға оңай сеніп, алданып жатқандарына алаңдаймыз. Қазір интернет алаяқтық статистика бойынша ұрлықтан кейінгі екінші орында тұр. Сондықтан киберқылмыстың үлесін азайтып, азаматтарды қаржылық сауаттылыққа үйрету – міндетіміз, - деді Нұра ауданы әкімдігінің инфраструктура бөлімінің маманы Наиль Нигматуллин.

сурет 3.jpg

Аталған акцияға «Қанат» волонтерлік қоры еріктілері мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы да белсене атсалысты.

сурет 5.jpg

Бізде киберқылмыстың алдын алу жұмысы жүйелі жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ жыл сайын алдын алу іс-шаралары өтеді. Онда оқу орындарында жастарға түсінік жұмыстары жүргізіледі. Себебі мен интернет алаяқтық жастардың арасында көп деп ойлаймын. Өйткені интернет қолданушылардың басым бөлігі де солар. Міне, Астана жастары» жастар ресурстық орталығы киберқылмыспен күресудің ауқымын көбейтуге атсалысып жатырмыз, - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы басшысы Шыңғыс Тілеулин. 

Барлық жаңалықтар