00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

14.12.2023 | 06:00
70
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Тәуелсіздік күніне орай түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтеді, деп хабарлады Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына жасап.

13-15 желтоқсанда «Жансая» орталығында патриоттық әндер, өлеңдер, суреттер байқауы өтеді.

14-16 желтоқсанда «Барыс-Аренада» жүзуден «ASTANA OPEN» ашық республикалық турнир өтеді.

14 желтоқсан күні сағат 11.00-де «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында іс-шара ұйымдастырады.

15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Астана мемлекеттік архивінде «Тәуелсіздік жолында» архивтік құжаттарының көрмесі өтеді.

Сонымен қатар, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт көрсетіледі.

15 желтоқсан күні сағат 10.00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінде ат спортынан жарыстар өтеді.

15 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Астана» СК-да мүкіс спортшылар арасында шағын футболдан Астана қаласының Ашық кубогы өтеді.

15 желтоқсанда «Beeline Arena» спорт кешенінде алғаш рет «ІВА Чемпиондар түні» — «Astana Arlans» бокстан турнир өтеді.

15-20 желтоқсан аралығында ұлдар мен қыздар арасында қол добынан Астана кубогы және ұлдар арасында гандболдан ашық турнир басталады.

16 желтоқсан күні сағат 14.00-де Қуыршақ театры көрермендерге С.Жүнісовтің «Атамекен» спектаклін ұсынады.

Сол күні сағат 18.00-де.М. Горький сахнасында «Әлия» спектакль-драмасы өтеді.

16-17 желтоқсанда садақ атудан Астана кубогы өтеді.

17 желтоқсанда Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Көктал 2, Баршын көшесі, 30/2 ) Спартакиада өтеді.

Барлық жаңалықтар