00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық колледж студенттері интеллектуалдық сайысқа қатысты

16.11.2023 | 11:00
46
Фото: Elorda.info

Жоғары көлік және коммуникация колледжінде өткен іс-шараны Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған форумның басты мақсаты – жастар арасында жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және онымен күресу мәселесіне жастар назарын аудару. 

куи.jpgБұл форумның маңыздылығы зор. Қазіргі кезеңдегі өте өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймын. Осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулимыз деп сенеміз. Сондықтан бүгінгі интеллектуалдық сайыс қызықты да пайдалы болады деп ойлаймыз, - деді Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Құсайынова. 

куии.jpg

Бұдан соң колледж директоры Бірлік Қапезов шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. 

Әрі қарай форум аясында ұйымдастырылған QUIZ интеллектуалдық сайысының тізгінін сайыстың авторы, тележоба жүргізушісі Мерей Ермұханов алды. 

Айта кетейік, аталған сайысқа елорданың 9 колледжінен 9 команда қатысты.  

Барлық жаңалықтар