00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада «Музей түні» акциясы өтті (ФОТО)

18.05.2023 | 23:25
34
Фото: Сұлтан Сейітов

Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде «Музей түні» акциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

18-5.jpg

Іс-шара Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылып отыр. Осы жылы  акцияның тақырыбы – «Музейлер, тұрақтылық пен әл-ауқат». Осыған байланысты Ұлттық музей ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Музей-уақыт ағымында» атты ауқымды тарихи-танымдық жобасын ұсынды.

18-6.jpg

Акция барысында Ұлттық музей басылымдары мен «Алматы-кітап» баспасының кітап көрмесі, «Тарихи тұлғалар: қуыршақ бейнесінде» авторлық қуыршақтар көрмесі, «Көненің көзін ашу» атты ҚР Ұлттық музейі Консервация және қалпына келтіру қызметінің көрмесі мен шеберлік сабақтары, қолөнер жәрмеңкесі, ғылыми дәрістер, театрландырылған экскурсиялар мен ойын-квесттер өткізілді.

18-8.jpg

Сондай-ақ мерекелік кеште Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Үрмелі аспаптар оркестрі мен «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, би ұжымдары, диджейлер өнерлерін паш етті.

18-10.jpg

Экскурсовод – музей айнасы. Тіпті мемлекеттің айнасы деуге болады. Өйткені мемлекетке қонаққа келген туристер бірден музейге қарай бет алады. Себебі музей сол барған елдің тарихымен жан-жақты таныстырады, - деді экскур­сиялық жұмыстар, музей педагогикасы және экспозициялық залдарды сақтау қызметінің басшысы Жанар Бейісова.

«Музей түні» –  еліміздің мәдени өміріндегі елеулі оқиға, көпшілік асыға күтетін дәстүрлі шаралардың бірі. Ауқымды шараның негізгі мақсаты – еліміздің ең басты әлеуметтік-мәдени мекемесі ретінде музейге деген көпшіліктің қызығушылығын ояту, тарихи-мәдени мұраларға арналған бірегей шаралар мен бағдарламалар арқылы музейдің беделін арттыру. Ол жастардың шығармашылығын дамытуға, мәдени орта құруға үлкен септігін тигізеді. 

18-9.jpg

Елордамыздың тұрғындары мен қонақтары үшін аталмыш шара музей әлемімен танысуға, музей коллекциялары мен экспозициясын көруге, мәдени бағдарламаларға қатысуға және көңілді демалып қайтуға зор мүмкіндік береді. 

Барлық жаңалықтар