00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елорда әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн-конкурс өткізеді

30.05.2023 | 09:00
51
фото: gov.kz

Қазақстанда 4 маусымда еліміздің Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мереке құрметіне елордада «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» онлайн-байқауы өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күніне орай елорда әкімдігі «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» байқауын бастады. Қатысушылар 29 мамырдан 1 маусымға дейін Instagram-да Тудың, Елтаңбаның шығармашылық фотосуретін немесе Әнұранның орындалуы туралы видео жариялауы керек. Парақша ашық болуы керек, ал постқа #МемлекеттікРәміздерҰлтМақтанышы хештегі қойылуы тиіс. Сондай-ақ @akimat__astana аккаунтына жазылып, оны жарияланымда белгілеу қажет.  Байқауға 12 жастан асқан елорда тұрғындары  қатыса алады.

Жарияланымдарды қабылдау 1 маусым күні сағат 23:59-да аяқталады. Жеңімпаздарды үш номинация бойынша конкурстық комиссияның шешімімен анықтайды: «ҚР Туы бар үздік фото», «ҚР Елтаңбасы бар үздік фото», «ҚР Әнұранын үздік орындау».

Үздіктер 4 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің YouTube арнасында көрсетілетін «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» онлайн-бейнемарафонында жарияланады.

 

Барлық жаңалықтар