00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада ұлттық ойын түрлерінен үш мыңнан астам адам бақ сынады

22.03.2024 | 14:12
55
Елордада ұлттық ойын түрлерінен үш мыңнан астам адам бақ сынады
Фото: дереккөз

Наурыз мейрамының алғашқы күнінде үш мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтары асық ату, арқан тарту, қазақ күресі, гір спорты сынды ұлттық ойын түрлерінен бақ сынады, деп хабарлады Elorda.info.

Қаланың әртүрлі аудандарындағы жарыстарға алты жастағы баладан еңкейген қарияға дейін ұлттық ойындарға белсенді қатысты.

Қазір біз ЭКСПО аумағындамыз. Ұлттық спорт ойындарына қатысуға қызығушылық жоғары. Қала тұрғындары мен қонақтары, оның ішінде жас балалар арқан тартыс пен асық ату ойындарына белсенді қатысып жатыр. Жарыс соңында жеңімпаздарға естелік сыйлықтар – теледидар, құлаққап, тоңазытқыш т.б. табысталады. Елорда тұрғындарын бізбен бірге Наурызды тойлауға шақырамыз, - дейді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бақтияр Масанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Наурыз мейрамына арналған ұлттық спорт ойындары қаланың барлық ауданында өтіп жатыр.

Атап айтар болсақ, Алматы ауданындағы «Қазақ елі» монументі алаңында, Сарыарқа ауданындағы әкімдік алаңы (Бейбітшілік көшесі, 11), «Көктал» саябағында (С.Бейбарыс көшесі), Қорғалжын алаңында (Құсмұрын көшесі, 2), Оқжетпес алаңында (Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысы). Ал Байқоңыр ауданындағы «Ататүрік» саябағында (Ж.Тәшенов көшесі), «Кирпичный» тұрғын алабында (Орталық базар), Өндіріс тұрғын алабында (Ақбидай көшесі, 6) және Есіл ауданындағы «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаң, ЭКСПО аумағында, «Пригородный» тұрғын алабында, №24 орта мектептің алаңында (Арнасай көшесі, 127) өтіп жатыр.

Айта кету керек, биылдан бастап Қазақстанда Наурыз 10 күн тойланады. Наурызнаманың мерекелік онкүндігінің әр күні ерекше мағынаға толы. Мысалы, 20 наурызда Ұлттық спорт күні аталып өткен болатын.

Барлық жаңалықтар