Елорданың әскери колледжін алғашқы сержант түлектер бітірді
![Елорданың әскери колледжін алғашқы сержант түлектер бітірді](/img/articles/89e3c4791f252ea046dba4b1ded99166.jpg)
Астана қаласындағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы түлектердің бітіру рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Салтанатты іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек пен Олжас Құспеков, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» РҚБ басшысы Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Қарулы күштердің ардагерлері, түлектердің туған-туыстары қатысты.
Іс-шара армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне дәстүрлі гүл шоқтарын қоюдан, құттықтаулар мен тілектер айтудан басталды.
Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары, полковник Талғат Қалышев түлектерді айтулы күнмен құттықтады.
«Бұл бітірген сержанттардың алғашқы легі болғандықтан, сендер оқу орнының тарихында қаласыңдар. Сендер мұнда болашақта қызметке қажетті білім мен дағдыны алдыңдар. Әскери ұжымдағы сарбаздарды даярлау сапасы мен моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі үшін сендерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімімен аталатын әскери колледж түлегі деген атақты абыроймен алып жүретіндеріңе сенімдімін», – деп атап өтті ол.
Алғашқы бітірушілердің мақтанышы – қызыл диплом иегерлері Арсен Нахов, Әнуар Лұқманов, Мирас Дәрменов, Арсен Мұралым, Нұрхат Сағындық, Данияр Молдабек, Дамир Серік және Айнар Жанулин. Үздік оқушылар мен үздік түлектер оқуды аяқтауына орай Сағадат Нұрмағамбетов атындағы мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Дипломдарды тапсыру салтанатты рәсімінен кейін оқу орнының Жауынгерлік туымен қоштасу және сержанттық корпусқа қабылдау рәсімі өтті. Колледж оқытушыларымен және тәрбиеленушілерімен қоштасып, бүгінгі сержанттар саптық алаңда салтанатты маршпен жүріп өтті. Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
![](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![Елордада «Театрлы Еуразия» халықаралық фестивалі өтеді](/img/articles/2a232e2fd64d9110f856f901cdcd094d.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)