00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Іздеу

Елордада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс уақытша шектеледі

02.07.2024 | 09:14
Олжас Сүлейменов
155
Елордада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты кейбір жол учаскелерінде автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

3 шілде күні сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін (М-3);

4 шілде күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін Нәжімеденов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін, одан әрі Аманжолов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Байтұрсынов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін.

«Қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатын болады.

Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар