00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада ұлттық құндылықтарды насихаттайтын орталық ашылды

14.04.2024 | 14:49
126
Елордада ұлттық құндылықтарды насихаттайтын орталық ашылды
Фото: дереккөз

Астанада «Өнерпаз ұрпақ» қоғамдық қор орталығының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Орталықтың жұмысы ұлттық құндылықтарды болашақ ұрпаққа насихаттау арқылы қолөнерді дәріптеп, үйретуге бағытталған.

Оның ашылу салтанатына Астана қаласы әкімнің орынбасары Есет Байкен және Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов қатысты.

Біздің мақсатымыз – үлкен кісілермен де, балалармен жұмыс істеу. Орталықта әйелдер қолөнермен, би терапиясымен, вокаль, тігін тігу және тамақ пісіруді үйрене алады.

Ал «Ару қыздар» атты жобамызда қобыз, арт-терапиясы қолданылады. Онда әжелеріміз ұлттық құндылықты насихаттаса, қолөнершілеріміз қолөнер бұйымдарын жасауды көрсетеді, - дейді орталықтың басшысы Зиуар Жұманова.

Сонымен қатар ер азаматтарға тұрмыстық техниканы жөндеу де үйретіледі.

Айта кетейік, іс-шарада оқушыларға шеберлік сағаты өткізілді.

Барлық жаңалықтар