00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада Конституция күніне орай әр ауданда эстафеталық жарыс өтеді

28.08.2023 | 09:30
52
фото: company.bi.group

Бұл туралы   Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Басқарма басшысы алдымен Конституциясы күніне дейін өткен спорттық шараларға тоқталды. 

Күні кеше елордамыздың Триатлон саябағында ҚР Конституциясы күніне және «Bolashaqqa Jol» жобасы аясында қала жастары арасында веложарыс  өтті.  27 тамызда «Аспан» спорт кешенінде асық ату спортынан Астана қаласының ашық кубогы және VI ұлттық спорт түрлері фестиваліне іріктеу болды.  Алдағы күндері елорданың бес ауданында «Көңілді старт» эстафеталық жарыс өтетін болады.  Оған ауданымыздағы кішкентай қала тұрғындары қатыса алады. Сонымен қатар Есіл ауданы ұйымдарының ерлер командалары арасында футболдан жолдастық кездесу жоспарланған,- деді ол. 

Самат Жылқыбаевтың сөзінше, 30 тамыз күні елордада бәйге түрлерінен республикалық турнир өтеді. 

Еңселі елорда төсін дүбірге толтыруға еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан 100-ге тарта таңдаулы жүйріктер «Қазанат» атшабарында бақ сынайды. Сәйгүліктер 2400м шақырымдық «ұшқыр» бәйге, 18 шақырымдық «топ» бәйге және 25 шақырымдық «аламан» бәйге бойынша сынға түседі. Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры – 20 млн теңге,- деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, Конституция күні  қалалық  гандбол және волейбол бөлімшесінің ұлдары мен қыздары арасында эстафеталық жарыс өткізу жоспарланған. 

 

Барлық жаңалықтар