00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада кезекті Тәлімгерлер кеңесі өтті

16.11.2023 | 08:30
83
фото: Сұлтан Сейіт

Елордада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл маусым айында құрылған кеңестің құрамында кәсіби тәжірибесі бар мемлекеттік қызмет ардагерлері бар. Олар басшы лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге кәсіби дағдыларды дамытуға және ұжым арасындағы тұрақтылықты сақтауға көмектеседі. Кеңес мүшесі Ерсұлтан Бектұрғановтың сөзінше, отырыс осымен төртінші рет өтіп отыр.  

Мемлекеттік қызмет бір орында тұрмайды, керісінше тұрақты өзгеріп, реформаланып тұрады. Бүгінгі кеңестің маңыздылығы жоғары деп ойлаймын. Біз осымен 4-ші рет жиналып отырмыз. Себебі жас мемлекеттік қызметкерлерге  ардагер мамандар ақыл-кеңестерін айтып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Олардың есебі тыңдалып, салаға қатысты маңызды сұрақтар қойылады. Олардың тек атқарған жұмысы емес, оның ұжымдағы қарым-қатынасы да қаралады,- дейді Ерсұлтан Бектұрғанов.

Бүгінгі отырыста жақында тағайындалған қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұхановтың, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басшысы Алтынбек Ахметовтың, Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Кайролла Кушкалиевтің атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. 

Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов өз сөзінде, басқарма жүргізіп жатқан жұмыстарға тоқталды. 

Азаматтарға өзекті және сенімді мәліметтерді тарату әрқашан біздің назарымызда. Елордада биыл 50-ден  астам әлеуметтік тақырыпта безендіру жұмыстары жүргізілді. Барлығы 4 мыңнан астам жарнамалық безендіру жұмыстары жасалды. Биыл әлеуметтік сала бойынша 15 жоба жоспарланып, оның11-і сәтті жүзеге асты. Жыл басынан бері мемлекеттік органдардың қызметі туралы қазақ және орыс тілінде 1243 материал жарияланды. Басқарма ақпараттық жұмыс шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей жұмыс жасайды. Сонымен қатар елордада үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктермен белсенді жұмыс жүргізіліп келеді, - деді басқарма басшысы.

Кеңес мүшелері өз кезегінде, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістері туралы ұсыныстарын айтып, басқарма  басшыларына өз тілектерін білдірді.

Барлық жаңалықтар