00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада Keruen Fest ұлттық фестивалі өтеді

29.08.2023 | 11:00
62
Фото: ашық дереккөз

ҚР Конституциясы күніне орай «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлттық құндылығы мен мәдениетін дәріптеу мақсатында Keruen Fest жобасы жоспарланып отыр, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімдігі елорда маңын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Елорданың әрбір төртінші тұрғыны 5 аудан бойынша орналасқан тұрғын үй алаптарында тұрады (қалада 16 тұрғын үй алабы бар), онда 107 315 адам тұрады.

Жастардың белсенділігі қандай аумақта болмасын маңызды.

Осыған орай Keruen Fest жобасы аясында тегін негізде тұрғындарға қазақ қол өнері, ұлттық бұйымдар жасау, қыш ісі, ұлттық киімдер тігу және ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық киіз үйді құру бойынша шеберлік сағаттары өтеді.

Сондай-ақ барлық кішкентай қонақтарға аквагримерлар және ұлттық киімдегі аниматорлар жұмыс істейді. Барлық қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың ұлттық ойындары: тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату және қой көтеру жарысы бойынша бақ сынай алады.

Жоба аясында мерекелік концертке, марапаттау және құттықтауға мемлекеттік орган өкілдері және мәслихат депутаттарының қатысады.  

Іс-шара 30 тамыз күні сағат 16:00-де Көктал елді мекенінде басталады.

Барлық жаңалықтар