00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада кәсіпкерлерге арналған гранттардың қорытындысы шықты

06.10.2023 | 10:00
51
Фото: дереккөз

Бұл туралы қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі уақытта елордада жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 226 379. Оның ішінде шағын бизнес 70 213, орта бизнес 245, жеке кәсіпкер 154 513, шаруа қожалық 1 408. аталған орындарда 499 445 адам жұмыс істейді, бұл белсенді халықтың 72.8% құрайды. 

ШОБ субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әкімдік кәсіпкерлерді қолдау бойынша бірқатар шаралар жүргізуде, оның ішінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жеке кәсіпкерлер мен субъектілерге  5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар береді.   

Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеуге қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне кіретін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, «Бір ауыл бір өнім» бағдарламасына қатысушылар және экономика басым секторлар шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын басқа да дара кәсіпкерлер болуы мүмкін, - дейді Қ.Сапаров. 

Кәсіпкерлер гранттары конкурсы жыл сайын өткізіледі. 2023 жылы өтінімдерді қабылдау 7-16 тамыз аралығында kezekte.kz ақпараттық платформа арқылы өтті.

Барлығы 1 971 өтінім келіп түсті, бұл ретте конкурстық комиссия алдында қорғауға 1 118 өтінім жіберілді.

Конкурстық комиссияның шешімімен 545 млн теңгеге 113 жоба мақұлданды.

Жобалардың 49,57% (56 жоба) өңдеу өнеркәсібі бойынша түсті. 

Білім беру саласы бойынша 16,8% яғни 19 жоба келді. Денсаулық сақтау саласында 10,6% 12 жоба. 7,96% яғни 9 жоба ақпарат және байланыс саласы.

3,54% (4 жоба) өнер, ойын-сауық және демалыс болса, 5,3% (6 жоба) кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет бойынша, 3,54% (4 жоба) көлік және қоймалау және т.б. 

Барлық жаңалықтар