00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада әйелдер форумы өтті

01.12.2023 | 08:30
74
Фото: Elorda.info

Елордада  «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы әйелдер қанатының форумы өтті, деп хабарлады Elorda.info

«Елорданың дамуындағы әйелдердің рөлі» форумына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен,  қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов және саясат, білім, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдар мен т.б салаларда табысты қызмет етіп келе жатқан әйелдер қатысты. 

зал.jpg

 «АМANАТ» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов ашып, жүргізіп отырды.

Модератордың айтуынша, қазіргі таңда әйелдер тұрмысымыздың барлық саласында табысты қызмет атқарып келеді. Астана қаласындағы 36 мыңнан астам партия мүшесінің 63%-ын әйелдер қауымы құрап отыр. 

партия.jpg

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, озық мемлекеттің тағы бір маңызды белгісі – әйелдердің қоғамдағы мәртебесі. Сондықтан әйелдердің құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аударуымыз керек. Мәселен, «AMANAT» партиясы әйелдер қанаты атқаратын жұмыстың 10 басым бағытын әзірледі. Оның ішінде отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу, өндірістегі еңбекті қорғау, отбасы денсаулығы мен құндылықтары, экономикалық құқықтар, әйелдердің ғылымдағы рөлі және тағы басқа бағыттар бар. Әр бағыт бойынша сараптамалық топтар жұмыс істейді. Олар туындаған мәселелерді шешуге қатысты өз пайым-пікірін ұсынады, - деді  «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы. 

Есет.jpg

Формуда Астана қаласы әкімі орынбасары Есет Байкен елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып отырған әйелдер бастамаларын қала әкімдігі қашанда қолдайтынын айтты. 

Елорда тұрғындарының 52,4%-ы әйелдер.  Ал әкімдіктегі қызметкерлердің тең жартысын құрап отырған әйелдердің 37 %-ы басшылық қызмет атқарады. Мәслихатта да нәзік жандардың қызметтегі үлес салмағы ескерілген. Солайша бас қаламызда гендердік теңдік саясатына ден қойылып отыр, - деді Есет Байкен.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов те әйелдердің қоғамдағы айрықша рөліне тоқталды. Оның айтуынша, сайлаудың партиялық тізімдерінде әйелдерге арналған міндетті квота енгізілді. «AMANAT» партиясы мүшелерінің 62%-ы әйелдер. Партиялық тізімнің 30% арулар құрайды. Ал Астана қалалық мәслихатында 9 әйел-депутат болса, мәслихат аппаратындағы қызметкерлердің 98%  арулар.

сохр.jpg

Гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және теңгерімсіздіктерді жоюға бағытталған қажетті құқықтық база құрылғанын атап өту маңызды. Президенттің Жарлығымен гендерлік теңдіктің кешенді стратегиясы бекітілді, сондай-ақ гендерлік теңдікке бағытталған «Ерлер мен әйелдер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктердің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» екі заң қабылданды.

Сонымен қатар, қоғам мүддесі үшін мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыру үшін тиісті институционалдық негіздер қалыптастырылды. Ел Президентінің жанынан мемлекеттік және қоғамдық институттардың келісілген өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия жұмыс істейді.

Қалада әйелдер көшбасшылығы мектептерінің желісі, Әйел саясаткерлер клубтары жұмыс істейді, өңірлерде әйелдер мен балалардың мүдделерін қорғау жөніндегі ресурстық орталықтар құрылды. Әйелдердің іскерлік белсенділігін ынталандыруға көп көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылдың жазында Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жанынан республикалық және өңірлік Іскер әйелдер кеңестері құрылды, - деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы.

Ерлан Қаналимов Ұлттық статистика органдарының мәліметтеріне сәйкес, барлық жұмыс істеп тұрған ЖК-нің 91 170-і кәсіпкер әйелдерге тіркелгенін (58,4%) айтты. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 51,7 млн.теңгеге 756 жоба (субсидиялау және кепілдік беру) мақұлданды. Сонымен қатар, жақында 5 млн. теңгеге дейін өтеусіз гранттар беруге конкурстық іріктеу өтіп, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 545 млн теңге бөлінді.

партия 1.jpg

Аталған форумға қатысқан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы білім және денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі Кеңестің төрайымы  Жұлдыз Сүлейменова келесі сөз кезегін алды.

2023 жылдан бастап «AMANAT» партиясының әйелдер қанаты құрылды. Бұл -  мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды, сондай-ақ мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан – бұл – Әділетті Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған – іс-шаралар. Мұнда әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау, құқықтарын қорғау, бәсекелестікке қабілетін арттыру, жалпы саяси-экономикалық рөлін нығайту тұрғысында жұмыстар жасалмақ, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

салтанати.jpg

Форумды Астана қалалық маслихатының депутаты, Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Кеңесінің төрайымы, Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша кеңесшісі Салтанат Дженалаева қорытындылады. 

Барлық жаңалықтар