00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада екі көшенің қиылысында көлік қозғалысы шектелді

24.08.2023 | 04:00
65
Фото: дереккөз

Астанада тұрмыстық кәріз желісінің салынуына байланысты екі көшенің қиылысы жабылды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, тұрмыстық кәріздің магистральдық желілерін салу жөніндегі жұмыстардың басталғанын мәлімдеді.

Осыған байланысты 24 тамыздан бастап 10 қазанға дейін «Дива» тұрғын үй кешені ауданындағы Әйтеке би көшесі мен Қ.Мұхамедханов көшесінің қиылысында көлік қозғалыс кезең-кезеңімен шектелетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар