00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада дөңгелек үстелде жемқорлық мәселесі талқыланды

07.12.2023 | 12:41
47

Астанадағы Достық үйінде «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және онымен күрес мәселесіне қоғамның назарын аудару. 

Дөңгелек үстелге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілі, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері, волонтерлер, жастар қатысып, өзекті тақырыпты талқылап, өзара пікір алмасты. 

7fa53b15-4d96-45aa-8cba-55ea3adfd313.jpg

Дөңгелек үстелді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақдәулет Махмұд ашып, бүгінгі іс-шараның маңыздылығын айтып өтті.

Ал Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова елорда әкімдігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұзақ мерзімді үшжылдық «Елордада парасаттылық идеологиясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасын жүзеге асырып жатқанын атап өтті. 

Құқықтық мінез-құлықты жоғарылатуда және ашық сананы қалыптастыруда көпшілікке арналған тақырыптық мазмұндағы анықтамалық, танымдық және пайдалы ақпараттарды қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілерде тарату мақсатында аталған жобаның аясында БАҚ және азаматтық қоғамның белсенді өкілдері кеңінен жұмыс жүргізді.

Халықтың әртүрлі топтары, оның ішінде үкіметтік емес сектор өкілдері мен түрлі сала қызметкерлері үшін «сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру» бойынша әдістемелерді түсіндіру мақсатында қала деңгейінде әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде «Парасаттылық сағаты» тақырыбындағы дәрістер, түпкілікті нәтижеге бағытталған жаңа идеяларды жүзеге асыру мақсатындағы елорда тұрғындары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үздік жоба» конкурсы, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру саласындағы танымал спикерлерлермен бірлесіп, мектеп клубтары арасында «Адал ұрпақ» қалалық қоғамдық тыңдау, «Саналы ұрпақ» жобасы аясында студенттер арасында форум, журналистер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта «Үздік журналистік жұмыстарға» конкурс өткізілді, - деді Л.Құсайынова. 

Дөңгелек үстел соңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін дипломымен белсенді азаматтар марапатталады. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үздік жоба» байқауының жеңімпаздары болып Алижан Қалибекұлы (1-орын), Саяжан Ұзақбай (2-орын), Ерсайын Жумальдинов (3-орын) танылды.

0c6fdc94-525f-4a00-89ee-d28f3e0fcf09.jpg

Ал БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Үздік журналистік жұмыстар» байқауынан Гүлжан Раманкулова 1-орынды, Таңатар Төлеуғалиев 2-орынды, Ақниет Балтанова 3-орынды жеңіп алды.

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар