00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Елордада бастау алған JOLTAP жобасы өңірлерде де жүзеге асырылады

JOLTAP жобасы
фото: Астана қаласы әкімдігі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Астанада бастау алған JOLTAP жобасы өңірлерде де жүзеге асырылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеңейту жұмыстары Қарағанды және Ақтөбе облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында басталды. Жақын арада бұл өңірлердің тұрғындары JOLTAP жобасына қатыса алады. Барлық сұрақтар бойынша жергілікті әкімдіктерге хабарласуды ұсынамыз, - деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.

Жобаның операторы «Жаңа Мүмкіндік» қорының алаңында Қарағанды облысы мен Алматы қаласының өкілдеріне жобаның механизмдері мен тәсілдерін таныстырды. Жобаның мақсаты – кеңес беру, қысқа мерзімді офлайн оқыту дағдылары, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

JOLTAP жобасы еліміздің өңірлерінде сәтті бейімделіп, мыңдаған азаматтарға пайда әкеледі деп үміттенеміз, - делінген жоба мамандарының хабарламасында.

Барлық жаңалықтар