Астанада 63 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды
![Астанада 63 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды](/img/articles/e2839e9340f52e33c54221810e67c3b6.jpg)
Астанада 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы жұмысын аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.
Алғашқы лекте Астана қаласының Еңбек мобильдігі орталығына 721 адам өтінім беріп, бизнес-идеяларын ұсынған.
Осы жылдың 3-7 маусым аралығында үміткерлер комиссия алдында жобаларын қорғап, нәтижесінде 63 адамға қайтарымсыз грант мақұлданды. Әлеуметтік осал топ азаматтарының бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында берілетін қайтарымсыз қаражат алуға өтінімдер электронды форматта қабылданды. Бұл қолдауға еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар, қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар отбасылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын отбасылар тарапынан өтінімдер түсті, - делінген хабарламада.
Қатысушылардың жұмыссыздыққа тіркелген немесе тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы керек болатын.
Сонымен қатар үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспайтын сертификаты болуы шарт еді.
Комиссия отырысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфир ұйымдастырылып, қала тұрғындары жұмыс барысына қоғамдық бақылау жасады. Комиссия өкілдері бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне назар аударды.
Комиссия шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалар:
- тамақ өнеркәсібі – 16;
- тігін ісі – 12;
- білім беру қызметтерін көрсету – 7;
- тұрмыстық сервистік қызметтер көрсету – 5;
- қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсету – 4;
- өнер, спорт, ойын-сауық, демалыс, күтім және сұлулық саласындағы қызметтер – 4;
- медициналық және әлеуметтік қызметтер – 3;
- өндіріс және өнеркәсіп – 3;
- сервистік қызмет көрсету – 2;
- көтерме және бөлшек сауда – 2;
- автомотокөлік құралдарына сервистік қызмет көрсету – 1;
- әкімшілік, басқарушылық және ақпараттық қызмет, делдалдық қызметтер – 3;
- қызметтің басқа түрлерін ұсыну – 1.
Қазіргі таңда грант иегерлерімен келісімшарт жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, бұл қолдау тұтынушылық мақсатқа, несиені өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер телімдерін сатып алуға берілмейді.
![Астана күнінде шеткі аймақтарда концерттер өтеді](/img/articles/7cdfcac3d956f787ea739ccb6d3e5894.jpeg)
![Елордалық спортшы Әділбек Мусин Париж Олимпиадасына жолдама алды](/img/articles/11b2dcc08b48e35b5aa399d3abe11c0f.jpeg)
![Астанада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды](/img/articles/fc78401b71916ea268ddecc5889c766a.jpeg)
![Елордада тағы бір автобустың бағыты өзгереді](/img/articles/6b00c504a9ed395445ca4e72fbfba3c6.jpeg)
![Астанада «Тату көршілік қатынастардың жаңа кезеңі» атты форум өтті](/img/articles/1dc4f44b891a141ffb76cd0d400e8db4.jpeg)
![Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді](/img/articles/618afa85bd2b85401f65146ea35cd9ca.jpeg)
![Астанада 30-дан астам маршруттың қозғалыс сызбалары уақытша өзгерді](/img/articles/f975fc6cd03a83b57470191bc5b179ac.jpeg)
![Елордада Малика Мұқтарованы еске алу кеші өтті](/img/articles/8eba353d8b73ad72937db14a402a9487.jpeg)
![Садақ атудан III Гран-при Астана халықаралық турнирі мәресіне жетті](/img/articles/e8d3cf12b7f9daba9944f9efd3f60304.jpeg)
![3 шілде күні елордада отшашу атылады](/img/articles/18491ba47772c5d8e75309047a30721e.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)