00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу жүріп жатыр

12.01.2024 | 05:30
56
Фото: дереккөзден

Курсқа жазылу 31 қаңтарға дейін «Сарыарқа» ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 9-үйдің 2-қабатындағы 227-кабинетте, Бөгенбай батыр даңғылы, 52-үйдегі Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында, «Байқоңыр» ауданы бойынша Л. Пастер көшесі, 73-үйдегі №12 көпшілік кітапханасында дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-13.00, 14.00-18.00 аралығында жүргізіледі.

Курс бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлер бойынша ақпан айынан басталады.

Сабақ аптасына 2-3 рет (жұмыс күндері және сенбі күні, сондай-ақ кешкі топ сағат 18.00-ден 20.50-ге дейін) болады.

Офлайн форматта сабақ өтетін орындар:

«Алматы» ауданында Р. Қошқарбаев даңғылы 50-үй, тел. 24-90-52, 24-90-78

«Байқоңыр» ауданында Л. Пастер көшесі, 73-үй, тел. 21-77-71

«Сарыарқа», «Есіл», «Нұра» аудандарында Бейбітшілік көшесі, 9-үй, тел. 24-90-52, 24-90-78, Бөгенбай батыр даңғылы, 52. Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

Барлық жаңалықтар