00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада алғаш рет ақ кимешекті аналар форумы өтті

04.12.2023 | 06:45
83
фото: Сұлтан Сейіт

Елордада «Бабалар аманаты» тарихи-мәдени қоғамдық қоры «Ақ кимешекті – киелім» аналарының «Ақылды қария – ағынды дария» атты бірінші қалалық форумы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Ақ кимешекті – киелім» аналары жобасы осыдан бір жыл бұрын ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қариялардың даналығы арқылы бала тәрбиесін қолға алу мақсатында басталған. 

Форумның ашылу салтанатында жоба авторы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызы «Ақ кимекшекті – киелім» аналарының мақсатына тоқталып өтті.  Оның сөзінше, бүгінде 100-ге жуық әже ұрпақ сабақтастығын қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді. 

Бұл жобамыз былтыр басталды. Өздеріңіз білетіндей,  елорданың өзіңде және басқа өңірден балалары  мен немерелерінің қасына келген әжелер көп. Жоба аясында осындай әжелеріміздің басын қосып, ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту мен ұрпақ сабақтастығынын қалыптастыруды мақсат еттік. Қазір 100-ге жуық әжелеріміз бар. Олардың ең алды 78 жаста. Олар кимешек кию арқылы ұлттық киімімізді дәріптеп келеді. Келіндер сәлем салып, үйге қонақ келгенде дәм ұсынып, өз сыйластығын көрсеткенде ұлттық құндылығымыз осылай сақталады.  Осы бір жыл бойы апаларымыз көп еңбек атқарды. Атап айтқанда, олардың кимешекпен түскен суреттері қаламыздағы билбордтарда ілінді. Әр аялдамаға олардың қанатты сөздері жазылды. Өскелең ұрпақ осыларды көріп, тәрбие алады.  Кітапшалар жарық көрді. 12 әжеден тұратын хор да құрылды. Олар қазақтың халық әндерін айтып жүр,- деді Арайлым Рахымқызы.

Жиын барысында «Ақ кимекшекті – киелім» аналары дайындаған  екі бөлімнен тұратын «Салт-дәстүр», «Бала тәрбиесі», «Ұлттық тағамдар»  атты кітапшалардың тұсаукесер рәсімі өтті. 

WhatsApp Image 2023-12-04 at 11.31.22.jpeg

Әрі қарай форумға спикер ретінде шақырылған қатысушылар  ұлттық құндылықтар, қоғамдағы қариялар рөлі, бала тәрбиесі жайында талқылады. 

WhatsApp Image 2023-12-04 at 11.31.37.jpeg

Бабаларымыз баланы бесіктен, тіпті ана құрсағынан бастап тәрбиелеу керек деп өсиет қалдырған. Бесік ананың қолында. Бала ең бірінші көзін ашқанда анасын көреді. Анасы қандай тәрбие берді, баласы да сондай болады.  Баланың түп казығы, алтын ұясы-отбасы. Баланы өсіріп тәрбиелеу –ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу-отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Сондықтан да әр ата- ана балаларының алдында өздерін дұрыс ұстап, ғибраты мол әңгіме айтып, жүріс –тұрысымен, киім –киісімен, іс –әрекетімен үлгі бола білуі керек. Өкініштісі, қазір біздің қоғамда қыздар мен келіншектерге деген көзқарас  өзгерді. Алдымен осы түбегейлі мәселені шешуіміз керек. Ер адам әйеліне қандай құрмет көрсетсе, ертең баласы өз әйеліне сондай әрекет жасайды.  Ұлттық құндылық туралы естіп жүрген бала оны ешқашан ұмытпайды. Барлығы біз сияқты қарияларға байланысты. «Ақ кимешекті – киелім» аналары осы тұрғыда көп еңбек жасап келеді,- деді Мемлекеттік Қабанбай батыр атындағы пантеонның директоры, «Құрмет» орденінің иегері Камал Әбдірахман.

WhatsApp Image 2023-12-04 at 11.31.28.jpeg

Форум барысында «Ақ кимешекті – киелім» аналары көрме ұйымдастырды. Олар өз қолдарынан жасаған бұйымдарын көпшілікке таныстырды.  Елордалық Майра Мұқанованың жасы 75-ке келсе де, өте белсенді екенін көрсетті. 

WhatsApp Image 2023-12-04 at 12.22.09.jpeg

Мен «Ақ кимешекті – киелім» аналар жобасының мүшесімін. Бүгін алғаш рет жетекшіміз Арайлым Рахымқызының бастамасынмен форум өткізіп жатырмыз. Көрмеге өз қолымыздан жасаған бұйымдарды алып келдік. Жасым 75-ке келсе де, ұлттық тәрбие ісінде еңбек етіп жатқаныма қуаныштымын. Біз балаларға ертегі айтып, түрлі тәрбиелік мәні зор шаралар ұйымдастырамыз,- деді  Майра Мұканова. 

WhatsApp Image 2023-12-04 at 11.31.33.jpeg

Форум барысында кимешекті аналар өз өнерлерін көрсетті.

WhatsApp Image 2023-12-04 at 11.31.38.jpeg

Барлық жаңалықтар