00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елорда аспанын дәстүрлі ән тербеді

04.07.2023 | 13:00
58
фото: instagram.com/creative.ortalygy

Кеше Астана қалалық Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен  елорданың 25 жылдығына орай дәстүрлі орындаушылардың «Алтын Мұра» атты мерекелік концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақтың ұлттық музыкасы мен халық шығармаларын орындау дәстүрін  насихаттаған мерекелік концертте  еліміздегі аталған өнердің белгілі бес мектебінің өкілдері өнер көрсетті. 

Кешті Алтай Тарбағатай орындаушысы Аллажар Қайбар халық әні «Жорғатайдан» бастады.  Одан кейін Абайдың «Сегіз аяғын» беліглі әнші  Клара Төленбаева  көрермендерге сырнаймен сызылта тарту етті. Келесі болып сахнаға Жетісу мектебінің өкілдері көтерілді.  Жетісу әншілік, жыршылық мектебінің белді өкілі Кенен Әзірбаев атамыздың сөзіне жазылған Бақытжан Кененұлы  ағамыздың «ауылына ғашық жардың аттанарда» әнін Ардақ Балажанова нақышына келтіре орындады. 

photo1688445581 (4).jpeg

photo1688445581 (3).jpeg

Киелі Маңғыстаудың жеті қайқысын жаттап өскен күміс көмей әнші Айгүл Қосанова «Мұхиттың әнін» келіушілерге ерекше көңіл күй сыйлады . Жыр жалауы желбіреп, текті өнердің туы жығылмаған қасиетті Сыр өңірі таланттарға өте бай. Асылдардың тұнығын лайламаған жырау Алмас Алматов өзінің «Жыр бастауын» көрерменге тарту етті. 

photo1688445581.jpeg

Ел жүрегі Астанамыздың тойына Арқа мектебінен келген Ардак Исатаева Үкілі Ыбырайдың әндерінен шашу шашты. 

Еліміздің Арқа мен Сыр өңірлері, Жетісу, Шығыс, Батыс  мектептері деп бөлінетін бес аймақтан 20-дан астам дәстүрі ән орындаушы өз шеберлігімен елорда халқына керемет көңіл-күй мен көтеріңкі әсер сыйлады.

photo1688445581 (2).jpeg

Барлық жаңалықтар