00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

CTS астаналықтар арасында арнайы сауалнама жүргізіп жатыр

10.10.2023 | 09:30
58
Фото: ашық дереккөз

«City Transportation Systems» ЖШС көлік кешеніне қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша астаналықтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгіннен бастап CTS көлік компаниясы көліктің барлық түрлерін – жеке, қоғамдық, такси және т.б. пайдаланушылардың мінез-құлқын анықтау мақсатында астаналықтар арасында әлеуметтік сауалнаманы іске қосты.

Сондай-ақ, бұл талдау көлік кешенінің қызмет көрсету сапасын аудандар мен тәулік уақыты бойынша бағалау үшін қажет.

City Transportation Systems мақсаты – автокөлік жүргізушілеріне, қоғамдық көлік, такси және басқа да қызметтерді пайдаланушыларға ыңғайлы сапар үшін тиімді шешімдер әзірлеу.

Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, сауалнама сұрақтарына жауап беруіңізді, осылайша, көлік кешеніне қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектесуіңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Сауалнаманы сілтеме бойынша толтыруға болады.

Барлық жаңалықтар