00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Бала қауіпсіздігі қорғалады

16.02.2024 | 13:06
38
фото: Оңалхан Өнерхан

Іс-шараға техникалық және кәсіптік, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, жекеменшік балабақшалардың қауымдастығының және ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.

Жиын Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен өтті. 

c4399ad6-30e3-4356-ae17-eb9dce9e26af.jpeg

Кейінгі кездері біздің әлеуметтік қоғамда байқалып жатқан тенденциялық факторлар шұғыл түрде бала қауіпсіздігіне қатысты жиынды жоспардан тыс өткізуді қажет етті, осы бағытта нақты жұмыс жасалуы тиіс деп есептеймін. Күнделікті балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы, өміріне жауапты білім мекемелерінің осыған қатысты ең өзекті сауалдарын, мәселелерін дәл осы жерде, осы отырған сарапшылармен бірге талқылап, осы тарапта жұмысты жандандыруымыз қажет. Өйткені мамандар келтірген деректер мен дәйектер, көрсеткіштер алаңдатады. Бұл – балаға, оның отбасына, оқу ордасына қатысты мәлімет қана емес, әр бала – біздің ұланымыз, біздің болашағымыз, сондықтан, бұл қоғам болып, бала тәрбиесіндегі олқылықтарға, адам түршігерлік цифрларға бейжай қарамай, оны болдырмауға жанымызды сала күресуіміз қажет, – деді Есет Байкен өзінің сөзінде.

Биыл 24 бала балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасалғаны тіркелген.

8725eeec-edc3-44e7-9ddf-7bfa4ee1c3ec.jpeg

Балалар, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, суицид фактілері азаймай отыр, себебі алдын алу жұмыстары жүргізілмейді, не нашар жүргізіледі. Олай айтуымыздың себебі бар – өткен 2023 жылы жасөспірімдер арасындағы қылмыс 73 %-ға жеткен. Оның ішінде балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс  өскені қатты алаңдатады. Биыл 24 бала балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасалғаны тіркелді. Былтырғы жылы 83 бала өзіне өзі қол салғған, оның 12-сін біз аман алып қала алмадық. Биылғы жылы 3 бала суицид жасаған. Мұның бәрі тек бір отбасының қайғысы емес, қоғам болып күресетін жағдай. Бұл – қоршаған ортада жеткілікті эмоционалдық, физикалық қорғанышсыз қалғаныдығын білдіреді, психологиялық денсаулыққа назар аударылмайды. Мектеп психологы жаны жабырқаған, күйзеліске түскен баланы анықтай алмай отыр, сынып жетекшілері мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар жеткілікті жұмыс жүргізбей отыр деуге болады. Одан өзге мектептер әкімшілігі осындай қиындықтар, мәселелер туындаса, оны жасырумен әлек, - деді Астана қаласы прокурорының кәмелетке толмағандар бойынша аға көмекшісі Әйгерім Өмірзақова.

Семинар-кеңесте спикерлер келтірген деректер мен дәйектер, балаға қатысты қылмыстық фактілер, буллингтер, түрлі қиындықтарға тап болуы –балалардың өмірін, денсаулығын сақтау жолында, білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылдау керектігін аңғартты. Бұл – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар