00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Байқоңыр ауданында биыл 11 аула абаттандырылды

21.07.2023 | 03:30
52
Фото: дереккөз

Елордалық мәслихат депутаттары Байқоңыр ауданында биыл абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді аралады, деп хабарлады Elorda.info.

Осы жылы Байқоңыр ауданында барлығы 25 аула, 7 қоғамдық кеңістік ашу жоспарланған. 

Оның ішінде бүгінгі таңда:

- 11 аула аумағында толығымен абаттандыру жұмыстары аяқталды;

- 4 аула аумағында осы мақсатта жұмыстар жүргізілуде;

- 10 аула аумағы 15 қыркүйекке дейін аяқталатын болады.

Сондай-ақ, 6 қоғамдық кеңістікте абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.

be259cc1-4704-4764-9f80-3dd81c59e331.jpg

Бұдан бөлек, бірқатар аулаларда ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңадан ашылған қоғамдық кеңістіктер мен аула аумақтарында болған мәслихат депутаттары абаттандыру жұмыстары аясында атқарылған жұмыстармен түбегейлі танысып шықты. 

Аралау жұмыстарының алғашқы нүктесі – Ақбұлақ жағалауынан бастау алды. Жаңа келбетке ие болған жағалау маңында күндіздің өзінде-ақ, демалушы тұрғындардың қарасы қалың.

Себебі, Ж.Жабаев ескерткішінен бастау алған кеңістік «Алатау» спорт кешеніне дейін толығымен тұрғындардың қолайлылығы үшін жабдықталған.

bf1bd297-d93f-4e6f-8125-d2ef9773e9d4.jpg

«Ақбұлақ» жағалауын абаттандыру тек бұл аумақпен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, абаттандыру жұмыстары Абылай хан даңғылынан Ш.Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі аралықты құрайды. 

Әрі қарай, жаяу аралау – «Журналистер» аллеясымен, Кенесары көшесі, 73, 77 мекенжайларындағы жаяу жүргіншілер кеңістігімен және бірқатар аула алаңдарымен жалғасты.

Барлық жаңалықтар