00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Байқоңыр ауданында 5 мұз айдыны ашылады

20.12.2023 | 05:21
55
фото: pixabay.com

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігінің 2023 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар туралы Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Аудан әкімінің сөзінше, биыл жарықтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде 205 жарықтандыру бағанасы орнатылған. 

Биыл ауданды жарықтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде 205 жарықтандыру бағанасы орнатылды. Ұзындығы 4,5 шақырым құрайтын 10 кВ кабель ауыстырылды. «Құтқарушылар», «Гребной канал», «Ұстаздар», «Жер-Ана» атты скверлеріндегі кабельдер ауыстырылды. 2024 жылға арналған жоспарда 20 жаңа қоғамдық кеңістікте және 90 аулада жарықтандыру аспаптарын орнату, тозған инженерлік желілерді ауыстыру жоспарлануда,- дейді аудан әкімі.

Талғат Рахманберді өз баяндамасында тұрғын үйлерді сәндік жарықтандыру бойынша атқарылған жұмыстар жайлы да айтып өтті. 

Биыл аудандағы тұрғын үйлерді сәнді жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Осы күнге дейін 14 үй бойынша жұмыстар жүзеге асырылды, жыл соңына дейін тағы да 1 үйді жарықтандыру жоспарлануда. 2024 жылы 30 үйде сәндік жарықтандыру жүргізіледі.  Сонымен қатар қысқы демалысты құру мақсатында 11 нүктеде сәндеу жұмыстары жүргізілді. Онда 10 шырша, 5 мұз айдыны, 24 шағын архитектуралық формалар орнатылды,- деді аудан әкімі. 

Барлық жаңалықтар