00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстан – Сан Марино матчына жанкүйерлерді арнайы автобустар апарады

13.11.2023 | 06:30
44
Фото: kff.kz

17 қарашада «Астана Арена» стадионына жүретін қоғамдық көліктердің жұмысы күшейтіледі, деп хабарлады Elorda.info.

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан Марино құрамасы арасында матч өтеді.

Басталуы – сағат 21:00-де.

Жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында, Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 19:30-да арнайы шаттл-автобустары жүреді:

- «Астаналық цирк» автотұрағы;

- «Қазақстан» СК автотұрағы;

- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;

- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);

- «Жастар» сарайы тұрағы.

Ойын аяқталғаннан кейін футбол жанкүйерлері сондай-ақ, қосымша №10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және №303 қала маңы бағдарларымен кете алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді.

Футбол матчын өткізу кезінде барлық автокөлік жүргізушілерін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз, - делінген Сity Transportation Systems хабарламасында

Жолақысы – 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Сан-Марино (17 қараша) және Словения (20 қараша) құрамаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Барлық жаңалықтар