00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстан әйелдерінің форумы: Елордада белсенді әйелдердің үлесі 50 пайыздан асты

06.03.2024 | 10:10
54
фото: gov.kz

Форумның ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі, Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева қатысушыларға  Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқавтың құттықтау хатын оқып берді. 

Комиссия гендерлік тендікті қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту және ана мен баланы қорғау ісінде ерекше рөл атқарып келеді. Бұл құрылым уәкілетті органдардың, азаматтық сектордың және бизнестің күш-жігерін тоғыстыратын тиімді мінберге айналды. Ұлттық комиссияның сарапшылары заңдарды және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге белсенді атсалысып, маңызды әлеуметтік жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруда. Кейінгі кезде елімізде әйелдер үшін тыйым салынған мамандықтар тізімі жойылды, сайлау квоталары енгізілді, ішкі істер органдары жүйесінде әйел құқықтарын қорғау жөніндегі арнаулы бөлімдер құрылды. Сіздердің еселі еңбектерініздің арқасында Қазақстан бірқатар халықаралық конвенцияны ратификациялап, гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі барлық міндеттемелерін орындап келеді. Біз әйелдердің қоғамдағы мәртебесін көтеру жене отбасы құндылықтарын дәріптеу үшін жүйелі шараларды жалғастырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет – Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасаймыз, – делінген Президенттің құттықтау сөзінде.

WhatsApp Image 2024-03-06 at 15.03.16.jpeg

Мәдениет және ақпарат министрі өз сөзінде, форумның мақсатына тоқталып өтті. 

Бүгінгі жиында әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлін талқылап, сондай-ақ олардың өзін-өзі жүзеге асыруы және елдің саяси өміріне қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар талқыланатын болады.  Отырысқа еліміздегі отбасы мен демографиялық саясатқа тікелей қатысы бар саладағы нәзік жандыларды шақырдық. Оның ішінде бұл комиссия құрылғаннан бергі комиссия төрағалары мен мүшелерін көріп отырғаныма қуаныштымын. Бүгінгі таңда еліміздің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқандарыңызға және отбасы құндылығын нығайту жолындағы ерен еңбектеріңізге  алғыс білдіремін,- деді Аида Балаева

WhatsApp Image 2024-03-06 at 15.03.19 (1).jpeg

Форумға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысып, елордадағы экономикалық қызметтегі белсенді әйелдердің үлесі 51 пайыз құрайтынын айтып өтті. 

Дана халқымыз үшін әйел адамның орны ерекше. Бүгінгі таңда елордада 1,4 млн астам адам тұрады, оның жартысынан көбі, яғни  750 076 мың әйелдер. Елордалық нәзікжандылар Астана қаласы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірін дамытуға елеулі үлес қосып келеді.  Сонымен қатар, елордамыздың жетістіктері әйелдермен тығыз байланысты. Қаладағы экономикалық қызметтегі белсенді әйелдердің үлесі 51 пайыз.  Оның ішінде 100 мыңнан астам әйел өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Ал 75 мыңнан астам әйел медицина мен білім саласында  қызмет етіп келеді. Бұл статистика арқылы қазақтың ұлы ойшылдарының «Әйел бір қолымен бесікті, ал екінші қолымен бүкіл әлемді тербетеді» деген сөзінің сәйкестігін көруге болады, - деді қала әкімінің орынбасары. 

WhatsApp Image 2024-03-06 at 15.03.19 (2).jpeg

Есет Байкен өз баяндамасында, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның жұмысына тоқталды.

Әкімдік адами капиталды дамытуға және әйелдерді әлеуметтік қолдауға,  әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия арқылы ерекше көңіл бөледі. Мәселен, комиссия өткен жылы 50 іс-шара жүзеге асырды  «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жұмыс істейді.  2023 жылы орталық 800 қызмет көрсетті.  Елордада әйелдерді кәсіпкерлікке тарту және жұмысқа орналастыру жұмыстары жалғасуда,- деді ол.

WhatsApp Image 2024-03-06 at 15.03.19 (3).jpeg

Сонымен қатар отырысқа «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару бойынша басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов,  Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг- Стори Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов қатысып, өз баяндамаларында қоғамдағы әйелдер рөліне тоқталды.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар