00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астаналық гимнаст халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

08.04.2024 | 12:21
Елорда ақпарат
78
Астаналық гимнаст халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды
Фото: дереккөз

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан көркем гимнастикадан халықаралық турнирде көпсайыстан жекелей сында астаналық гимнасшылар жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың қорытындысы бойынша жерлесіміз Эрика Жайлауова 125.15 ұпай жинап, жекелей сынның көпсайысында 3-орын алды. Артынша осы бағдарламада сынға түскен тағы бір жерлесіміз Айым Мейіржанова 4-сатыдан көрінді (124.25 балл).

Енді жерлестеріміз мынадай сында жүлдеге таласады:

Милана Парфилова – доп, шығыршық, лента;

Эрика Жайлауова – шығыршық, доп, ұршық;

Айым Мейіржанова – ұршық пен лента.

Барлық жаңалықтар